«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 1922 жылдың қаңтарында құрылды.

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы №185 қаулысымен          «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын  – (РМК) «Казгидромет» мәртебесі берілді. Бүгінде ол Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорны.

«Қазгидромет» РМК-ның Қазақстан Республикасының әрбір облысында 15 филиалы бар, жалпы штат саны 3 мыңнан астам адамды құрайды.

«Қазгидромет» РМК -  Қазақстан Республикасының аумағында болатын қауіпті және дүлей табиғат құбылыстары туралы дауылды ескертуі бар кез келген ұйымға ресми ақпараттық қызмет көрсету құқығы бар кәсіпорын.

Кәсіпорын қызметінің мәні жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнайы мақсаттағы қызметтерді көрсетуді және мамандандырылған ақпаратты дайындауды қамтитын мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізу болып табылады.

 

 

Кәсіпорын қызметінің мақсаты дұрыс гидрометеорологиялық ақпарат алу, гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдар мен қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың сапасын арттыру, мемлекеттік бақылау желісінде жүйелі байқаулар жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және қорыту болып табылады.

«Қазгидромет» РМК 341 метеорологиялық станцияда, 377 гидрологиялық бекетте, 209 агрометеорологиялық бекетте бақылау жүргізеді және 45 елді мекенде 140 бақылау бекетінде, 15 жылжымалы зертханаларда қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді, 130 су объектілерінде орналасқан 358 тұстамадағы жерүсті суларының сапасына мониторинг жүргізеді, 46 метеостанцияда атмосфералық жауын-шашын мен 39 метеостанцияда қар жамылғысының сапасына мониторинг жүргізеді, 89 метеостанцияда және 23 автоматты бекетте радиациялық гамма-фонды анықтайды, сондай-ақ 43 метеостанцияда бета-белсенділікті анықтау; 102 бақылау нүктелерінде топырақтың сапалық жағдайын анықтау және 19 химиялық-аналитикалық зертханаларында талдау жүргізу.

Интерактивті карта: http://ecodata.kz:3838/app_dem_water_visual_kz/

 

 

 

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан Қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1

Тулебаева Гульжан

+7 (777) 222-55-00

Сайт:www.kazhydromet.kz

E-mail: info@meteo.kz

+7 (7172) 79-83-32