ТОО «InterTech System Ltd»

Сауда белгісі AQUAPORE «InterTech System Ltd.» компаниясы суды тазартудың мембраналық технологияларына: кері осмос, нанофильтрация, ультрафильтрация, микрофильтрация және электродионизацияға маманданған.

Біз су дайындаудың қолданыстағы индустриялық және муниципалдық жүйелерін жаңғырту және жаңаларын енгізу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынамыз: суды физика-химиялық зертханалық талдау, ұсынылатын технологияларды пилоттық сынау, жетекші әлемдік өндірушілердің жоғары сапалы құрауыштарынан жабдықтарды жобалау және дайындау.

Компанияның негізгі қызметі технологиялық суды дайындау, ауыз су сапасындағы суды өндіру, ағынды суларды тазарту және айналымдағы сумен жабдықтаудың тұйық циклын құру мәселелерін шешуге бағытталған.

«InterTech System Ltd.» компаниясының жоғары тиімді инжиниринг, құрастыру және жабдықты сынауды қамтамасыз ететін өзінің зертханалық, зерттеу және өндірістік базасы бар. Сумен жабдықтау және су тарту мәселелеріне кешенді тәсілмен қатар, компания технологиялық схемалардың жекелеген тораптары мен компоненттерін жеткізеді: сүзгілеу жабдығы, сүзгі материалдары, фитингтер, химиялық реагенттер, құрама сыйымдылықтар, тиек арматурасы және т. б.

«InterTech System Ltd.» компаниясының активінде Нұр-Сұлтан қаласындағы көптеген аса маңызды объектілер - ҚР ПІБ объектілері және қазіргі уақытта іске асырылып жатқан қалалық ауқымдағы басқа да жобалар:

- Степногорск қаласындағы сутазартқыш имараттар 48000 м3/тәулік, Мемлекеттік сараптама РМК 19.07.2019 жылғы № 01-0268/19 қорытындысы, пилоттық сынақтар тазартылған судың шығуын 99-98% негіздеді;

- Павлодар облысының Май топтық су құбырын темірсіздендіру және деманганациялау станциясы 4115 м3/тәулік, Мемлекеттік сараптама РМК 27.08.18ж. №01-0332/18 қорытындысы, пилоттық сынақтар арқылы бастапқы судан темір мен марганецті шығарудың жоғары тиімділігі расталды;

- Алматы облысы Үлкен ауылының ауыз суын дайындау қондырғысы, Мемлекеттік сараптама РМК 05.11.2013ж. 01-0819/13 қорытындысы, Балқаш көлінен су тұщыландыру алдында тәулігіне 15000 м3 көлемінде ультрафильтрациялық мембраналармен тазартылады.

- «Лесная сказка» тау курортының кәріздік тазарту құрылғылары, тапсырыс беруші «Alina Pro» ЖШС. МБР технологиясы бойынша өнімділігі 120 м3/тәулік.

 

 

Байланыс ақпараты

Алматы қ., ш. а. Самал-2, 48-13

Директор Султанбаев Бейбут Еркенович

+7 (727) 264-80-03

Сайт: www.aquapore.kz
Mail: info@itsltd.kz

факс.: (727) 264-91-76.