«Гранд Фиш» ЖШС

«Гранд Фиш» ЖШС – балық өсіру желілерінде албырт балықтарын өсіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорын. Кәсіпорын 2017 жылы пайдалануға берілді.  Қызметінің негізгі бағыты: тауарлы балық (бақтақ) өсіру және оны қайта өңдеу. 2021 жылға қарай әртүрлі диаметрлі 50 тор орнатылды. Қуаттылығы жылына 2 млн. бірлік бақтақ уылдырығын құрайтын жеке балық өсіру материалын алу үшін цех салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта компания өлшемі 4 кг-ға дейін құбылмалы бақтақ өсіреді.

«Гранд Фиш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасының  ұзындығы 32 шақырымды құрайтын  екінші учаскесі бекітілген. Ұйым форель балығын өсіреді және балық өңдеу кәсіпорындары мен бөлшек сауда желісіне жеткізеді.  Өскемен қаласында форель балығын өңдеу бойынша жекеменшік кәсіпорын бар. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Семей, Риддер, Алтай қалаларында филиалдар бар, жұмыс істеп тұр.

«ГРАНД ФИШ» ЖШС осы жобаның барлық мүдделі тараптарын ынтымақтастықтың келесі түріне шақырады:

  1. Мұздатылған аршылған форельді жеткізуге шарттар жасасу (глазурь 5%, шокты мұздату-35 оС). Көлемі мен бағасы келісілген.
  2. Дайын бақтақ өнімдерін жеткізуге келісім -шарттар жасау: ыстық және суық ысталған балық, тұздалған және кептірілген балық, филе, стейк, маринадталған балық, тұздалған жаншылмаған уылдырық.
  3. Бақтақты алдын ала келісім-шарт және төмендетілген нарықтық бағамен алдын ала төленген өтінім бойынша өсіру.
  4. Бақтақты шарттық негізде өсіру бойынша бірлескен кәсіпорын ашу. 

Өнім ассортименті: тазартылған салқындатылған бақтақ, жаңа мұздатылған бақтақ, салқын ысталған бақтақ (пласт, филе, балық, теша, бүйір еті), ыстық ысталған бақтақ, тұздалған бақтақ, жаңа мұздатылған бақтақ филесі және стейктері, тұздықтардағы бақтақ стейктері, тұздықтардағы порциялық бақтақ, тұзды сынамалы бақтақ уылдырығы.

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 1 (АБК-2)

Медведев Сергей, Медведев Илья

+7 777 981 5989, +7 777 311 3839

Mail: mail@grandfish.kz
Cайт: www.grandfish.kz

Суховерхов Александр

+7 705 870 3070